
Home > Terms > Kazakh (KK) > семиотика
семиотика
Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология)— таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлық Семиотика сының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логика-математика деп аталады.
Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920—30 жылдары Прага лингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарама-қарсы келуі арқылы анықталады. Ғылыми еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген:
Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика;
Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін семантика;
Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін прагматика.
- Ordklasse: noun
- Synonym(er):
- Blossary:
- Fagområde/Domene Advertising
- Category: Marketing communications
- Company: Butterworth-Heinemann
- Produkt:
- Akronym-Forkortelse:
Andre språk:
Hva ønsker du å si?
Terms in the News
Featured Terms
phylum placozoa
Macroscopic, flattened marine animals, composed of ventral and dorsal epithelial layers enclosing ...
phylum cnidaria
Cnidarians. Hydras, hydroids, jellyfish, sea anemones, and corals. Free-swimming or sessile, with ...
share a term with millions
Share a term with millions of users around the world and increase your online visibility.Share a ...
oak
Genus native to the Northern Hemisphere with spirally arranged leaves, catkins for flowers and ...
Everest
The last but not least mount Everest. The Earth's highest mountain, with a peak at 8,848 metres ...
aglaonema
Genus of about 20 species of usually rhizomatous, evergreen perennials from tropical forest in Asia. ...
Robojelly
Robojelly is a hydrogen-powered robot desgined in the United States that moves through the water ...
Ferdinand Porsche
Ferdinand Porsche (3 September 1875 – 30 January 1951) was an Austrian-German automotive engineer ...
Marzieh Afkham
Marzieh Afkham, who is the country’s first foreign ministry spokeswoman, will head a mission in east ...
define1
Share a term with millions of users around the world and increase your online visibility.Share a ...
Bidragsyter
Featured blossaries
Browers Terms By Category
- Body language(129)
- Corporate communications(66)
- Oral communication(29)
- Technical writing(13)
- Postal communication(8)
- Written communication(6)
Communication(251) Terms
- Material physics(1710)
- Metallurgy(891)
- Corrosion engineering(646)
- Magnetics(82)
- Impact testing(1)
Materials science(3330) Terms
- Hand tools(59)
- Garden tools(45)
- General tools(10)
- Construction tools(2)
- Paint brush(1)
Tools(117) Terms
- General Finance(7677)
- Funds(1299)
- Commodity exchange(874)
- Private equity(515)
- Accountancy(421)
- Real estate investment(192)
Financial services(11765) Terms
- Meteorology(9063)
- General weather(899)
- Atmospheric chemistry(558)
- Wind(46)
- Clouds(40)
- Storms(37)